БҮГІНГІ ОҚУШЫ -ЕРТЕҢГІ СТУДЕНТ
Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының түлектері мен 2023-2024 оқу жылының 11 сынып оқушылары арасында кездесу өткен болатын.
Кездесу мақсаты: мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру,студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көрсету.
Кездесу TedX форматында өткізілді,оқушылар мектеп бітірген түлектерге “Ашық микрофон” айдарында сұрақтар қойып,алдағы уақытта таңдайтын ЖОО мен мамандықтар туралы керекті ақпараттарын алған болатын.Сонымен қатар түлектерге “Кофе-брейк” ұйымдастырылған болатын.
Ұйымдастырған: Аға тәлімгер Мукушева Г.Н және 11 сынып оқушылар,мектепшілік “Өзін-өзі басқару” ұйымы.
