2024 жылдың 13 ақпанында Қандыағаш ст. ЖПБ-нің ЕҚҚІҚт-ның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты М.Абдуллин мен әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Т.Қолғанат “Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы”КММ-сі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында есірткі қылмысының алдын алу, жастар мен жасөспірімдерді есірткі кеселінен сақтау үшін жасалып жатырған жұмыстар, жастардың болашағының кепілі – есірткісіз қоғам құру мақсаты айқындалды.
Сонымен қатар әкімшілік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Т.Қолғанат кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта жүру ережесін сақтау, теміржол перрондарында жол қауіпсіздігін сақтауға шақырып, сөз соңында мемлекеттік қызметке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ашық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar
