Skip to content

14.02.2024ж “Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы” КММ-де қазақтың ақиық ақыны Мұқағали…

14.02.2024ж
“Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы” КММ-де қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Жырлайды жүрек” атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кешке ата-аналар, ұстаздар және оқушылар қатысты.
Әдеби-сазды кешіміз оқушылардың қойылымымен ашылды. Кеш барысында есімі жырға айналып, нәзік поэзиясы жүректерден орын алған ақынның сөзіне жазылған “Бақыт деген-сенің бала күндерің” және “Есіңе мені алғайсың” әндерін орындап, “Шеше, сен бақыттысың”, “Әке”, “Поэзия, менімен егіз бе едің?”, “Ғашықпын”, “Фаризаға” т.б өлеңдері оқылды.
Ақынға арналған әдеби-сазды кеш соңы мектеп-гимназия директоры Д.Д.Ибрашева оқушыларды марапаттауымен аяқталды.
Ұйымдастырған: Мұхамбетжанова Н.М.
Транова Г.К.
Емжарова Ж.Д
Саимова Ж.Д.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *