2024жылдың 20ақпан күні “Заңды білу-заман талабы” апталығының және “Отбасы-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы заңнаманы қолданудың тиімділігі” тақырыбында ер балалар жиналысы өткізілді.
Жиналыс TEDx еркін форматта өтіп, жиынға полиция мойоры Самат Сағынайұлы, WBO,WBC тұжырымдары бойынша бокстан әлем және азия чемпионы Нұртас Әжбенов, Қоғам белсендісі блогер Абай Парахатұлы және де Жайдарман ойындарының чемпионы Ғалымжан Бағлан қатысты. Қонақтар өздерінің ойларымен бөлісіп, оқушылармен жан-жақты қоғамдағы өзекті тақырыптарда пікір алмасты.
Полиция мойоры Самат Сағынайұлы отбасы-тұрмыстық және қоғамдық құқықбұзушылықтардың есесі – үлкен жазамен немесе қомақты көлемде айыппұлдар салынатынын ескертті. Қаламыздың мақтаныштары Әжбенов Нұртаспенен Ғалымжан Бағлан оқушыларымызға ағалық ниетте, замандас ретінде ақылдарын айтып, үлкен құрмет, кішіге ізет көрсете білуге шақырды.
Оқушылар өздерінің көкейтесті сауал-сұрақтарына жауап алды жәнеде қонақтар тарапынан қолдау білдіріліп, Ажбенов бокс клубына 50% жеңілдікпен спортшыларымыздың қатысуына қоғам белсендісі Абай Парахатұлы ықпал жасайтынын айтты. Оқушыларға ынталандыру сыйлықтары таратылып, жиын соңында,алдағы уақытта Абай Парахатұлы өз тарапынан жүлделі сыйлықтармен футболдан жарыс өткізуге қолдау білдіретіні жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
