Skip to content

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28…

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында Мұғалжар ауданының орыс-ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату және пән мұғалімдерінің белсенді әдіс-тәсілдерді игерудегі шеберліктерін шыңдау мақсатында "Бастауыш және орта білім беру жүйесіндегі орыс-ағылшын тілдерін тиімді оқытудың әдістемесі мен технологиясы " тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның ашылуында Актөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Аскербекова Акгуль Аскербековна алғыс сөзбен бастап, Мұғалжар ауданының білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету аясындағы жүргізілген жұмыстар туралы сөз сөйледі. Семинар-практикумның бағдарламасы бойынша пән мұғалімдері Нургалиева С.К, Мухамбедиярова А.Т, Шадова Ш.Б, Тайшиева А.Н, Каниева Г.А, Жолдыбаева А.М, Попенко Р.И, Құдайберген М.А, Мухамбетияр Ж, Жетмекова К.Б, Серикбаева А.Б, Ахметова З. К. өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақ, шебер-класс, коучинг, панорамалық сабақтарын жоғары деңгейде өткізді.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Тулеумухамбетова Гүлманат Сәлімжанқызы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушылармен кері байланыс жасап, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар аясында ұсыныстарын айтып өтті.
Іс-тәжірибе бөліскен мұғалімдер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатпен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табыстады.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *