ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында Мұғалжар ауданының орыс-ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесін тарату және пән мұғалімдерінің белсенді әдіс-тәсілдерді игерудегі шеберліктерін шыңдау мақсатында «Бастауыш және орта білім беру жүйесіндегі орыс-ағылшын тілдерін тиімді оқытудың әдістемесі мен технологиясы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен ағылшын-орыс тілі пәнінен 46 мұғалім қатысты.
Семинар-практикумға қатысқан Актөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Акгүл Аскербекова Мұғалжар ауданының білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету аясындағы жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.
Семинар-практикумның бағдарламасында пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақ, шебер-класс, коучинг, панорамалық сабақтарын ұйымдастырды.
Семинар-практикум соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар аясында ұсыныстарын айтты. Іс-тәжірибе бөліскен мұғалімдер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
