АМАЛ МЕРЕКЕСІ-КӨРІСУ КЕРУЕНІ🤝
⚜️14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға наурыз көжесін асып, ұлттық тағамдарды қояды. Отбасы мүшелері қос қолын беріп, көрісіп амандасады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Осы орайда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепішілік 2-сыныптар арасында құрылған «Ұлттық құндылық» жобасы жұмысын жандандыру, ұлттық мерекелерді дәріптеу, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында 14 наурыз «Көрісу күні» мерекесін ұйымдастырып, ұлттық тағамдармен мектеп ұжымын қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұйымдастырған: 2-сынып жетекшілері
#біртұтастәрбие2024
@mugalzhar_bilim_bolimi
