Skip to content

НАУРЫЗНАМАНЫҢ 17 КҮНІ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ Шаңырақ-отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың…

НАУРЫЗНАМАНЫҢ 17 КҮНІ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ

Шаңырақ-отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының,«Адал азамат» рухында ұрпақ тәрбиелеудің символы.

Шаңырақ күніне орай мектебіміздің әкімшілік құрамы мен жас отбасысы Атаев Айдар-Атаева Салтанат және де “Өзін-өзі басқару” ұйымының оқушылары,арнайы Еңбек пәнінің мұғалімі Төлеген Шүкірбайұлы мен музыка пәнінің мұғалімі Светалана Аманжолықызының шаңырағына қонақ ретінде және де отасқандарына 30 жыл толған мектебіміздің үлгілі отбасысын құттықтау үшін барған болатын.Ұстаздарымыздың мерейлі отбасысын жас отбасыларға үлгі ретінде көрсетіп дәріптеу үшін арнайы сұхбат алынды.Сұхбат барысында ұстаздарымыз шаңырақ көтергеннен кейінгі отбасындағы өзара татулық пен сыйластық қандай болуы тиістігі туралы бөлісіп,арнайы қонақтармен өз қолдарынан шыққан үй ішіндегі ұлттық нақыштағы үй бұйымдары,тұрмыс бұйымдарын көрсетіп,қалай жасалғандығы жөнінде баяндап,ақ дастарханның үстінде ақ батасын беріп,алғыс білдірді.

Төлеген Шүкірбайұлы мен Светлана Аманжолқызына зор денсаулық,мол бақыт,қажымас қайрат тілейміз!💐
#17наурызшаңырақкүні
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *