Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Көтібар батыр атындағы негізгі мектеп балабақша бөбекжай кешенінде Жетекші мектеппен Серіктес мектеп арасында педагогикалық қауымдастық байланысты нығайту және әдістемелік көмек беру мақсатында “Педагогикалық қауымдастық: мақсат, бірлесе даму” семинар-практикум уйымдастырылып, өткізілді.
Педагогикалық қауымдастығының жылдық жұмыс жоспары бойынша бірнеше тақырып қамтылып, бағдарламаға енгізілді.
Мектеп -гимназия директоры Д.Д Ибрашева семинардың ашылуына сөз сөйлеп, жұмыс жоспарын айтып өтті және мектеп әдіскері Л.М Мукатова бағдарламамен таныстырды.
Мектеп психологі “Өзіме-көршіме” атты трейнинг өткізді.
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Шубанова Р.Е құжаттардың тізімін көрсетіп, түсіндіріп өтті. “Тәрбиені жақсартуға бағытталған зерттеу” Lesson study – сабақты зерттеу бойынша оқу ісінің директор орынбасары, тренер Жолдасова Г.А және шығармашылық топ жетекшісі АбдикеримА.Г тәжірибесімен бөлісті.
“Жас мамандар мектебінің жетекшісі Мыңжасарова Г.М құжаттардың реттілігін және тәлімгер мен жас мамандардың атқарылған жұмысы туралы айтып өтті. “Әдіс – тәсілдерді тарих сабағында тиімді қолдану” туралы тарих пәні мұғалімі, магистр Кушанбаева Ш.О түсіндіріп өтті. Дене шынықтыру пәні бойынша нормативтік құжаттар реттілігін спорт нұсқаушы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Такешов М.М түсіндіріп өтті. Семинар – практикум соңында серіктес мектеп мұғалімдері кері байланыс беріп, жақсы пікірлерін айтып, қобдишаларына көп мәлімет алғандарын айтты.
