🌳19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған.
– Жаңару күнінде жаңа көшеттерді, жаңа ағаштарды отырғызып ғана қоймай, бұл біздің тереңге бойлайтын тамырларымыз, яғни болашақ ұрпаққа жаңа саяси өзгерістер мен экономикалық өзгерістер, руханият саласында жасалатын жұмыстар, соның барлығы болашаққа деген сенімді, болашақ ұрпаққа жол көрсету, үлгі көрсету және солардың тамырларын терең бойлап, ертеңгі күні еккен бәйтерек болып, қазақ елінің гүлдену жолында қызмет атқара берсін дегіміз келеді. Өткенімізден тін тартып, ұмыт қалғанымызды ұлт жадында жаңғырттық. Келісіп пішілген тонның келте болмайтыны белгілі, ел ертеңі үшін маңызды шешімдерді референдумдар арқылы қабылдауға дағдыландық. Дала демократиясы – Ұлттық құрылтай құрып, ірі кеңес алаңына айналдырдық. 5 жыл бұрынғы оқиға осындай істердің бастауы іспетті. Сондықтан да бұл – Жаңару күні.
@mugalzhar_bilim_bolimi
