Skip to content

Табиғатты түлетіп, түрлендіріп алты ай бойы ұйқыдан жатқан Жер Ананы…

Табиғатты түлетіп, түрлендіріп алты ай бойы ұйқыдан жатқан Жер Ананы бусантып жеткен ұлыстың ұлы күні мектебіміз думанға толып, барша жұрт шат-шадыман күй кешті.
“№3 мектеп-гимназиясы”КММ-да әр сыныпқа Әз-Наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік шара тамаша әсер қалдырды.

Мерекелік шараның шымылдығы “Балалар және театр” жобасы аясында құрылған мектепішілік “Келбет” оқушылар театрының театрландырылған көрінісімен ашылды. Қойылым барысында оқушылар қазақтың ұлан-ғайыр даласының мамыражай , жаймашуақ тіршілігіне көз жүгірте отырып, бүгінгі еліміздің берекелі өмірінен де хабардар болды. Қыдыр атаның бата беруі көріністерін шынайы орындап, мерекеге келген оқушылар мен ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді.
Қойылымды ұйымдастырған: “Балалар және театр” жобасының жетекшісі:
Мұхамбетжанова Нәзік Меңдіғалиқызы
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *