ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!!!
2024 жылдың 22 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясында Наурыз мерекесі ауқымды түрде тойланып, мәдени-спорттық іс-шара өткізіліп,қойылымдар қойылып, көрме ұйымдастырылды.
Наурызнама күнтізбесі бойынша 22наурыз – жыл басы.
Мерекелік іс-шараға Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Орналыұлы қатысып, гимназия ұстаздарымен ата-аналарын және оқушыларын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық ойындарымыз насихатталып, қошқар көтеру сайысы өтті,жеңімпазға қошқар сыйға берілді. Гір көтеру, ләңгі тебу секілді ұлттық спорт түрлерінен ата-аналар және оқушыларымыз өзара бақ сынасты.
Шараға жиналған қонақтарымыз мерекелік дастарханнан ауыз тиді, тоқшылықпен молшылықтың символы наурыз көжемен ұлттық тағамнан дәм татты.
#наурызнама #наурызжылбасы #3мектепгимназиясы
