2024 жылдың 24 наурыз күні №3 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Болат және Полиция бөлімінің инспекторы Б.Қаленовпен түнгі рейд ұйымдастырылды. Оқушыларға беймезгіл кешкі уақытта жүрмеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ата-аналарға ескерту жасалды.


