Skip to content

2024 жылдың 22 сәуір күні «Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы» КММ-де…

2024 жылдың 22 сәуір күні «Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру, кітапты ұқыпты пайдалануды үйрету мақсатында 2 «Г» сынып оқушылары «23 сәуір —Дүниежүзілік кітап күніне» байланысты мектеп кітапханашыларын қонаққа шақырып, «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Оқушылар Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа оқып, кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті."Wordwall" платформасымен «Ұяшықты таңда» ойыны ұйымдастырылып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Мектеп кітапханашылары әдеби және қазақ ертегілері кітаптарынан көрме ұйымдастырып, балаларды кітапханананың тұрақты оқырманы болуға шақырды.

Сынып жетекшісі: Саимова Жайрана Дауырбекқызы
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *