Skip to content

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ. “Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы” КММ бойынша 2023-2024 оқу…

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ.
"Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы" КММ бойынша 2023-2024 оқу жылының аяқталуы туралы 9,11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📣 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді

💬 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

📆 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.

«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды» – деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

📎 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

📌 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады. @mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *