Ардақты ұжым,Қиясовтар және Сарбасовтар әулеті!
Бүгін біз өмірдің аңғал, өлімнің аяр екеніндігіне көзімізді тағы да жеткізіп, жүрегіміз жараға, көңіліміз налаға толып тұр.Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы адамдықтың тұғыр-тұрғысынан еш таймаған, қара қылды қақ жарған әділ,досқа жібектей,әділетсізге тікендей болған мақтаулы түлегін, тәжірибелі де үлгілі Ұстазын жоғалтып қайғылы күйде тұр.
Мұнардай күн түнерді ,қайғы қаптап,
ГАУҺАР жарық жұлдызымыз сөнді тоқтап.
Есеңгіреп жар қалды бөбегімен,
Ата-ана,дос -бауыр және ұжымы қалды жоқтап.
Ардақты ұстаз,ұжымында үздік маман.
Әділ,өткір,әзілқой,алтын адам.
Гауһар Асқарқызы есімі – абыройлы,
Адамдықтың биігінде жарқыраған.
Шәкірттерін дайындаған бекем етіп,
Өмірге бейім тұлға,әдепті етіп.
&3мектеп-гимназия түлегі өзі,
Сол жерде ҰСТАЗ болды шыңға жетіп!
Сезілуші ед шынайылық нұры бетте,
Күлкісімен баураған сәттер есте.
Қайсарлықпен жеңер деп кәміл сендік,-
Арамыздан жұлып кетті ажал әсте.
Бейнесі күлімдеген ұмыт қалмас,
Алдыңнан жарылқасын Раббың Аллаһ!
Тілейміз отбасына
сабыр,төзім,
Қазада қайғы әкелген орны толмас .
Гауһар Асқарқызының аяулы бейнесі,ізгі жолы барша әріптестері мен шәкірттерінің есінде қалады.Жақын жандарына қабырғамыз қайыса көңіл айтып,бекем болуын тілейміз!
