“Дарындылар шеруі”💫✨🏆
Биылғы 2023-2024 оқу жылында мектеп-гимназия мерейін аудан, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестарін қосып жүрген түрлі пән олимпиадалары, ғылыми жоба, шығармашалық байқаулар мен өнер, спорт бағытындағы сайыстардың жеңімпаздарын марапаттауға арналған «Дарындылар шеруі» өтті. Шеруде білім, өнер және спорт додасында жеңімпаз атанып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан білімді де дарынды , өнерлі, таланатты оқушыларымыз мектеп-гимназия директорының Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп абыройын асқақтатып, білім биігін бағындырар дарынды шәкірттеріміз көп болсын!!!
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aktobe_daryn
