Skip to content

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ ⚜️Бүгін №3 мектеп-гимназиясында…

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ
№3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

⚜️Бүгін №3 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылып, “ Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиыны өтті.
Мерекелік шараға Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Бекжан, Мәдениет тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Хамзина, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Нұрмағанбетова, ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Ысқаққызы қатысты. Жиынға қатысушы қонақтарымыз жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, мектеп-гимназия директоры Д.Ибрашева 1-класқа қадам басқан бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын құттықтап, 11 класс оқушыларына жылы лебізін білдірді.

2024-2025 жылғы жаңа оқу жылында №3 мектеп-гимназиясына 1-класқа 205 бүлдіршін қабылданды! Баршаңызға жаңа оқу жылында сәттәлік!

#білімкүніақтөбе2024

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *