2024 жылдың 4 қыркүйек күні Мұғалжар аудандық білім бөлімінің №1-618/1 бұйрығы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы 10 күндік іс-шаралар жоспары негізінде Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚб УПИ көмекшісі полиция капитаны Нұралы Ералы Нұралыұлымен Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Қаленов және Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Абитова мен А.Болат ер балалар жиналысын өткізді. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы төбелес,түнгі беймезгіл уақытта жүру, суық қару ұстау секілді құқық бұзушылықтардың азаймай тұрғаны баяндалды.
Құқықбұзушылықтың,зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатындағы жиналысқа 8-11 жоғары класс ер балаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Бақыттыжәнеқауіпсізбалалықшақ #АқтөбеҚұқықТәртіп







