МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ТЫНЫСЫ🧑🏻🍳🍽️
Қазіргі таңда жас ұрпақтың денсаулығы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян. Сол себептен мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп, қадағалауымыз қажет. Асхана жұмысын дұрыс ұйымдастыру, тамақтану сапасын тексеру үшін бракераж тобы құрылып күн сайын рейдтер жүргізіледі.
Бракераж комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген “қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларының талаптарын, рецептуралар жинағын, технологиялық карталарды және осы Ережені басшылыққа алады.
Арнайы мектеп асханасының күнделікті жұмыс барысымен таныстыру мақсатында 2 “Ә” сынып жетекшісі және де “Бала тілі-бал” жоба жетекшісі Бисенбаева Актоты Амирхановнаның оқушылары “Асия мен Нұрлының мектеп қызықтары” айдарында асхана жұмысын таныстырып,толыққанды бейнетүсірілім жүргізген болатын.
ЖОБА АВТОРЫ : Г.Н.Мукушева
#біртұтастәрбие #мектепасханасы #жастілші #балатілібал
@bahraman_quanyshuly
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@birtutas_tarbie2024
@birtutas_tarbie_aqtobe
