Skip to content

⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ!🇰🇿 Жас ұрпақты әдепті де саналы, арлы да…

⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ!🇰🇿

Жас ұрпақты әдепті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен әдет-ғұрпымызды, дәстүрлі дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркіс­тан­ның төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отыры­сында білім беру саласына қа­­тысты бірқатар міндетті ай­­қын­дап берген болатын. Со­ның аясында қазір білім беру ме­кемелеріне ұлттық тәрбие­нің тұ­жырымдамалық негіздері енгі­зілді.”Біртұтас тәрбие” бағдарламасын негізге ала отырып “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы!” атты оқушылардың қоңырау кезіндегі уақытын тиімді өткізу мақсатында асық атудан «Алшы ойыны» атты ұлттық ойын ойнатып,динамикалық қоңырау ұйымдастырылды.

Динамикалық қоңыраудың мақсаты: оқушылар арасында ұлттық құндылықтарымызды кеңінен дәріптеу.Асық ойыны туралы оң түсінік қалыптастыру.Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Ұлттық ойындармен қатар өзге үстел ойындары мектебіміздің оқушыларына күнделікті динамикалық үзіліс ретінде,спорт нұсқаушылар мен сынып жетекшілердің бақылаумен өткізіледі✅

#біртұтастәрбие #ұлттықойындар #асықату #динамикалықүзіліс

@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@birtutas_tarbie2024
@birtutas_tarbie_aqtobe

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *