Skip to content

👨‍👩‍👧‍👦ОТБАСЫ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ🔆 Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені…

👨‍👩‍👧‍👦ОТБАСЫ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ🔆

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

Спорттық отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілді.

Мақсаты:Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сайыс төмендегідей кезеңдер бойынша бағаланды:⤵️
🔹І кезең: Таяқша эстафестасы
🔸ІІ кезең: Кенгуру эстафетасы
🔹ІІІ кезең:Уақытқа тоннельден өту
🔸ІV кезең: ҰЛТТЫҚ ОЙЫН:«Алтын сақа» асық ату
🔹V кезең: Ұяшық эстафетасы
🔸VІ кезең:ҰЛТТЫҚ ОЙЫН: Отбасылар арасында арқан тартыс
Барлық кезеңдер бойынша төрешілік етіп баға берген мектебіміздің ҚББП А.Ш.Ильясова мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ж.Т.Бердібаева.Қауіпсіздік ережелері мен ұйымдастыру барысын қадағалаған мектебіміздің спорт нұсқаушысы М.М.Такешов.

Сайыс өз мәресіне жетіп,жүлделі орын иеленген командалар марапатталды:
🥇орын “Болашақ” отбасылық командасы иеленді
🥈орын “Қыран” отбасылық командасы иеленді
🥉 орын “Орда” отбасылық командасы иеленді.
Белсенділік танытып,5 сынып отбасылары арасында өткен сайысымызға қатысқан ата-аналарымыз бен оқушыларымызға алғыс білдіреміз!💐

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *