Skip to content

Қандыағаш қаласының №3 мектеп гимназиясында 16 қыркүйек күні “Ұл тәрбиесі…

Қандыағаш қаласының №3 мектеп гимназиясында 16 қыркүйек күні “Ұл тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі “ тақырыбында ер балалар жиналысы өтті. Жиналысқа Мұғалжар ауданы полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Д.М.Бекжан, Мұғалжар ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.С.Абдиров , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары A.A.Болат қатысты. Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Мұғалжар ауданы полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Д.М.Бекжан бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналғанын айтып өтті. Жиналыс барысында оқушылармен ашық пікір алмасу болып, білім алушыларға құқықтық тәрбие және құқықбұзушылық орын алған жағдайда заң аясында қолданылатын шаралар туралы мәлімет берілді.

@mugalzhar_bilim_bolimi
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@polisia_mugaljar

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *