Skip to content

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ💐 2024 жылдың 30 қыркүйек күні мектеп…

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ💐

2024 жылдың 30 қыркүйек күні мектеп басшысы Данагүл Дулатқызы бастаған өнерлі ұстаздарымыз бен оқушыларымыз Ақтөбе қаласындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қадірменді қарияларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып,мерекелік көңіл күй сыйлады.

🔸Мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
🔸Мерекелік шара барысында мектеп басшысы Данагүл Дулатқызы құттықтау сөзін айтып,қарияларамызға ұжым атынан кәдесый ретінде дәмнен тарту,сонымен қатар мектепшілік “Гаухартас” тігінші қыздарымыздың қарияларымызға арнайы дайындаған,қолөнерлерін сыйға тартты.Концерттік бағдарлама оқушылардың өнерін кеңінен көрсетті,атап айтсақ:
Мектепшілік “Жас домбырашылар” ансамблінен күй тартыс,талантты бүлдіршіндерімізден ән сәлемдеме,”Алтынзер” би ансаблінің ұлттық нақыштағы би көрсетілімі және де қарттарымызды құттықтап мәнерлеп өлеңдер оқылған болатын
Мерекелік шара соңында қариялар оқушылар мен мектебіміздің ұжымына,атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп батасын берген болатын.
@aqtobe_bilim_kasipodagy
@mugalzhar_kasipodak

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *