ҰСТАЗ -ҰЛАҒАТТЫ ҰҒЫМ.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Сондықтанда ол әрдайым құрметті тұлға болып ерекшеленеді.
Мектебіміздің құрметті ұстазы болған, қазіргі кезде зейнеткер ұстазымыз Күлайым Жанғалиқызын ұстаздар мерекесі қарсаңында құттықтап бардық. Күлайым Жанғалиқызы өз шәкірттерінің жүрегінен жол таба білген керемет ұстаз. Б.Момышұлы айтқандай
" Ұстаздық-ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Өмірге ұрпақ әкелетін аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтайық " Міне, біз ұлысын құрметтеген халықпыз,осы орайда Күлайым Жанғалиқызына мықты денсаулық, отбасылық бақыт, әдемі қарттық тілейміз!
Ұйымдастырушылар мектеп тәлімгерлері: Толекова Лайла және Абилова Назерке.
@mugalzhar_bilim_bolimi
