“ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ-ҚАЗЫНА БАР” демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқанүлестері мен еңбектері ерен. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан, әрине, жалыққан емессіздер. 1 қазан Қарттар мерекесіне орай, мектебіміздің 10д сынып оқушылары қаламыздың ардақты қарттарын мерекелерімен құттықтап, ақ батасын алды! Сынып жетекшісі: С.Т.Жолымбетова
@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
#біртұтастәрбие
