ҰСТАЗ ДЕГЕН – ЖАРЫҚ, КҮНІ ҒАЛАМНЫҢ!!!
Бүгін Қандығаш қалалық Nº3 мектеп-гимназиясында ұстаздар күніне арналған
“Ұстаз деген – жарық күні ғаламның…
“ атты
мерекелік шара өтті.
Жас ұстаздардың ұйымдастыруымен өткен
шараға барлық мектеп-гимназия ұжымы
және осы мектептен зейнеткерлікке шыққан
ұстаздар қатысты.
Мерекелік кездесуде мектеп директоры
Данагүл Ибрашева ауданның, білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген, білім кешін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, оларга Алғыс хаттар табыстады.
Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып,ғылымның, шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас
білдірген білім ордасының жас ұстаздары мен мектеп оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында ардагерлерге гүл шоқтары таратылып, арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.
