Skip to content

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ🎭 🔸«5 қазан – Ұстаздар күні» мерекесіне орай…

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ🎭

🔸«5 қазан – Ұстаздар күні» мерекесіне орай Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұстаз ұлы тұлға” атты ауданымыздың ұстаздары арасында жайдарман ойындары өткізілді.
🔸Жайдарман ойынына аудандық білім беру мекемелеріндегі жас ұстаздардан құралған командалар қатысып, ережеге сәйкес “Сәлемдесу” кезеңі бойынша бақтарын сынады.
🔸Аудандық мәдениет үйінде өткен тартысты ойында «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» әдіскерлері Г.Қ.Нурмагамбетова,Г.С.Тулеумухамбетова,Р.Н.Отаралин ,ЖРО-ның басшысы Д.А.Серікбаев, республикалық жайдарман ойындарының чемпионы,”Фемида” командасының ойыншысы Бағлан Ғалымжан қатысушылардың өнеріне баға беріп, жүйріктерді анықтады.
🔸Жайдарман ойындарына ауданымыздың 11 білім беру ұйымының командалары қатысты.Бақ сынаған командалар арасынан суырылып жүлделі « I » 🥇орынға ие болған Аслан Асқарұлы бастаған “Төртеу түгел болса” мектепшілік ұстаздар командасы ие болды.
#ұстаздаркүні2024 #ұстаздаржайдарман
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *