“МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ”
Мектепшілік “Еңбегі адал – жас өрен” жобасы аясында 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес,мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіптік бағдар беру жүйесі мыналарды қамтиды:
барлық сабақтарда үздіксіз ақпараттық жұмыс жүргізу;
🔹сыныптан тыс іс-шаралар: кәсіпорындарға экскурсиялар (зерттелгендерге сәйкес
бойынша сынып және ақпараттық сағаттар;
🔹сурет, эссе, зерттеу жұмыстарының конкурстары;
🔹оқушылардың қызығушылықтары мен сабақтан тыс жұмыстарға қатысуы;
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні мектебіміздің 9 сынып оқушылары ауданымыздың түрлі маман иелерімен кездескен болатын.Арнайы ашық форматта өткен кездесуге Мұғалжар ауданы ТЖБ аға инжинері азаматтық қорғау капитаны Ж.Қ.Сегізбаева мен ТЖБ аға анықтаушысы азаматтық қорғау капитаны Н.Т.Тілеген.
Мұғалжар аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері С.С.Инисова шақырылып оқушылармен кездесті.
Мақсаты: Оқушыларды маман иелерімен кездестіре отырып, пікір алмасуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@mugalzhar_bilim_bolimi
#еңбегіадалжасөрен2024



