Skip to content

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ🤝🏻 🔸Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды Бүгін «Өрлеу» Ақтөбе облысы…

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ🤝🏻

🔸Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
Бүгін «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен «Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясы» КММ арасында ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы екіжақты Меморандумға қол қойылды.
Аталған құжатқа қол қойылудағы мақсат-орталық, мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру , оқыту семинарларын өткізу. Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін келісімге келді. Меморандум аясында атқарылатын шаралар оқу үдерісніде заманауи білім беру технологияларын дамытуға, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беруге, сондай-ақ олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге бағытталады. Аталған келісім бірлескен жұмыстардың бастамасы болады деген сенімдеміз.
@aktobe_orleu

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *