Ағымдағы жылдың 01 қараша күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Цифрлы мұғалім – тірек мектеп – жетістіктер алаңы» атты аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинарда тірек мектеп мұғалімдері қазіргі заманауи цифрлы технологиялар -Gamma, Wepik, Phet Colorado, Wordwall, learning Apps, Bilimland, Olabs.edu, Grammarly, Canva, BBC learning English сабақта тиімді пайдалану жолдарын ұсынып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында шебер кластар, панорамалық сабақтар , “Жасыл мектеп” жобасы көрсетіліп, қатысушылармен кері байланыс орнатылды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
