📚Ағымдағы жылдың 07 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 кластарға арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика , жаратылыстану пәндері бойынша 224 оқушы қатысты. Пәндік олимпиаданың әділ өтуін бақылаушы ретінде ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Жанайдарова қатысты. Олимпиадада жоғары ұпай жинап, І орынды иеленген оқушы аудандық кезеңге қатыстырылады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!
@mugalzhar_bilim_bolimi
