Skip to content

«ЖАС ЖАУЫНГЕР-2024» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫНАН МЕКТЕБІМІЗДІҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ Бүгін Қаныдағаш…

«ЖАС ЖАУЫНГЕР-2024» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫНАН МЕКТЕБІМІЗДІҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бүгін Қаныдағаш қалалық №2 ЖББОМ-нің спорт залында «Жас жауынгер-2024 » әскери-спорттық жарысы өтті. «Кеңес» қоғамдық бірлестігі және аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жарысқа ауданның 6 мектебінен 10-11 класс оқушылары қатысты.
-Бұл жарысты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық шеберлігін көтеру, денсаулықтарын нығайту және тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту, жеткіншек ұрпақ арасында отансүйгіштік және патриоттық сана сезімді қалыптастыру, оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз, – деді жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев.
Жарысты Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойын шарты 4 кезеңнен тұрды. Атап айтар болсақ, эстафеталық жарыc, дәлдікке граната лақтыру, арқан тарту және белтемірде тартылу.
Жарыс барысында қатысушылар жақсы дене шынықтыру дайындығы мен әскери шеберліктен басқа нағыз жауынгерлерге тән мінез-құлықпен қатар рух жігерлігін көрсетті. Сайыс барынша қызықты әрі тартысты өтті.
Қорытынды бойынша I орынды Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.
Жетекшісі: Суиндиков Даурен Ерланұлы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *