ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ – 2024 👩🏼🏫
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Мұғалжар аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен ауданға қарасты білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтері арасында “Үздік әлеуметтік педагог – 2024” атты сайыс өткізілді.Сайысқа 11 маман өтініш білдіріп 3 кезең бойынша сынға түскен болатын.Мамандардың жұмысын бағалау мақсатында арнайы әділ-қазы алқасы құрамы жасақталып,сайыс барысын бақылап,нәтижесінде жүлделі орын мен номинация сонымен қатар 2024 жылдың үздік әлеуметтік педагогы атағына лайықты маман анықталған болатын.Аталмыш сайысқа қатысып үздік нәтиже көрсеткен мектеп-гимназиямызыдың әлеуметтік педагогы Жанат Жеңісқызы жүлделі « II » орынға ие болды!👏🏻
#үздікәлеуметтікпедагог @mugalzhar_bilim_bolimi
