ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ,ЖЕҢІМПАЗДАР!🏆
Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ ұжымының ұйымдастыруымен өткен Дүйсеналин Балғали Төлеумұханұлының есімін мәңгілікке сақтау мақсатында облыстық деңгейдегі білім беру мекемелерінің ерлері арасындағы волейбол турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Турнирдің жүлделі 1-ші орын иегерлері – Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының ұстаздары! 🙌
Бұл жеңіс – тек спорттық табыс қана емес, Балғали Төлеумұханұлының жарқын бейнесін мәңгілік еске алу мақсатында мектеп ұжымы мен шәкірттерінің бірлігін көрсететін маңызды оқиға. Балғали Төлеумұханұлы өмірдегі еңбегі мен оның білім саласына қосқан үлесі әрқашан біздің жүрегімізде сақталады.
Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының ұстаздарына алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! 👏
#волейбол #турнир #1орын #Қандыағаш3мектепгимназия #ұстаздар
