Аумақтық білім беру округі жобасы
Тарих пәні бойынша аудандық семинар-практикум
🔸Аумақтық білім беру округі жобасы аясында “Тарих сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану әдістері” тақырыбымен жас мамандарға арналған аудандық семинар -практикум (тәжірибе алаңы) өтті.
🔸 Тәжірибе алаңының бағдарламасында шеберлік сыныптары, педагогикалық олмпиада, кіріктірілген сабақ , театрландырылған қойылым жоспарланған.
🔸Шеберлік сынып барысында қатысушыларға сабақта жасанды интеллектіні қолданудың платформалары туралы ақпараттар беріліп, тәжірибелер көрсетілді.
🔸 Қатысушы жас мамандар үшін тарих пәні бойынша олипиада ұйымдастырылып, жүлделі орындарға дипломдар мен әдістемелік қобдишалар табысталды.
🔸 Пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеру кіріктірілген сабақта (Қазақстан тарихы, география) жасанды интеллектімен ұштастырылды.
🔸Ұйымдастырушылар алаңның қорытынды бөлімін Жошы ханның Ұлытауда ұлық ұлыстың тағына отырғанына 800 жыл толуына арналған “Жошы ұлысы-Қазақ хандығының бастауы” тақырыбындағы тарихи қойылыммен аяқтады.
