Құттықтаймыз!!!💐
Мектебіміздің "Келбет" оқушылар театры Мұғалжар ауданының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Ағымдағы жылдың 05 желтоқсан күні "Poetry time" оқырмандар клубының "Жанымның бір бөлшегі – поэзия"жылдық қорытынды шарасына қатысыпты. "Қош махаббат" қойылымын сахна төрінде көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жыл бойы аудандық кітапхана ұжымымен бірге жасаған еңбектері еленіп, "Келбет" оқушылар театры мен театр негізін қалаушы Нәзік Меңдіғалиқызы АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН ИЕЛЕНДІ.
Сонымен қатар театр құрамындағы оқушылар Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысының Алғыс хатымен марапатталды
"Келбет" оқушылар театрына шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз






