ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
🔸Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес өтіп, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру, тәрбие жұмысының нәтижелерін талқылау мақсатында маңызды мәселелер қаралды. Кеңестің күн тәртібінде төмендегідей тақырыптар болды:
1. ІІ отырыста қабылданған қаулылардың орындалу барысы.
2. Білім алушылардың ІІ тоқсандағы оқу үлгерімі мен тәрбие жұмыстарының нәтижелері.
3. Шығармашылық топтардың жұмысы және оның мектеп өміріне қосқан үлесі.
4. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің қызметін бағалау, сондай-ақ «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында педагогтердің сабақ беру сапасын талқылау.
5. Ағымдағы мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікірлер.
🔹Кеңес барысында аталған мәселелерге қатысты хабарламалар тыңдалып, болашақтағы жұмыс жоспарлары мен нақты тапсырмалар белгіленді. Мұның бәрі білім сапасын арттыру және оқушылардың дамуына қосқан үлесімізді одан әрі жақсарту мақсатында жасалып отыр. #ПедагогикалықКеңес #Білім #Тәрбие
@mugalzhar_bilim_bolimi







