Skip to content

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті 2025 жылдың 28…

Мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті
2025 жылдың 28 қарашасында №3 мектеп-гимназия базасында өткен «Заманауи білім беру: трендте болатын технологиялар» аудандық семинар–практикумында мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері белсенді қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи цифрлық технологияларды, интерактив әдістер мен АІ құралдарын қолдана отырып, тиімді ашық сабақтар ұсынды. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Жайбергенова Ж.М. қатысты. Өз іс-тәжірибесімен әріптестеріміз Тлесова Гульмира Адильтайқызы, Тайшиева Айнара Арыстанқызы, Төреғазы Альфия Русланқызы және Құмжарған ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Т.Утеулина, Ембі қаласындағы №1 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Ж.Ажбагамбетова, Қандыағаш қаласының №5 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Г.Садуакасова бөлісті.
🔹 Қатысушылар «Менің тарихи прототипім» креативті танысу тренингтерге, ашық сабақтарға, шебер-сыныптарға қатысып, тәжірибе алмасу алаңында кәсіби байланыстар орнатты.
🔹 «Тарих толқыны» педагогикалық квесті мұғалімдердің командалық жұмысын, шығармашылығын дамытты.
🔹 «Тарихи метафора» – шығармашылық рефлексия барысында семинарды тарихи оқиғаға немесе тұлғаға теңеу арқылы кері байланыс берілді.
🔹 Тарихшы әріптестеріміздің бөліскен іс -тәжірибелерімізге берген баға-қолдаулары біз үшін өте құнды және бізге үлкен жігер, жаңа серпін сыйлады. Бірлескен еңбегіміз бен кәсіби пікірлері осы семинардың сәтті өтуіне негіз болды.

Семинар-практикум:
• педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырды;
• ЖИ сабақта қолданудың жаңа жолдарын көрсетті;
• әдістемелік тәжірибе алмасуға жағдай жасады;
• тарих пәнін оқытудағы жаңашыл тәсілдермен таныстырды;
• командалық жұмыс пен шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етті.

Семинар-практикумға қатысушылар іс-шараның кәсіби деңгейін жоғары бағалады.

📸 Бүгінгі семинардан жарқын сәттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *