📌 “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында халқымыздың ұлттық мұрасы саналатын “Асық “ ойыны үлкен үзіліс уақытында ұйымдастырылып, оқушылардың зияткерлік қабілетін, шапшаңдығы мен ептілігін арттыруға жағдай жасалды.
🎯 Мақсат:
– Ұлттық құндылықтарды насихаттау
– Адалдық, әділдік, төзімділік секілді қасиеттерді қалыптастыру
– Балалар арасында достық пен сыйластықты нығайту
🪙 Ойын барысында оқушылар қызығушылықпен қатысып, ережелерді сақтай отырып, өзара тартысты жарыс көрсетті.
#АдалАзамат #ҰлттықҚұндылық #Бестас #ТәрбиеБағдарламасы #МектепӨмірі РуханиЖаңғыру
