Білім сапасын арттыру жолында сенімді қадамдар жасалуда.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу ұлттық құралы (ББЖМ) халықаралық аккредитациядан өтті. Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (RCEC) директоры Арнольд Брауердің кездесуі өтті.
ББЖМ – оқушылардың білім сапасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС) меңгеру деңгейін айқындайтын ұлттық құрал болып табылады. 2023-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ББЖМ халықаралық аккредиттеу процесіне бастамашылық етті.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.
Еске салайық, ББЖМ – мектеп оқушыларының білім сапасын зерделейтін қазақстандық ұлттық зерттеу, ол оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev

