🔸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда кеңінен насихаттап, орнықтыруымыз қажет”, – деген болатын.
🔹Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру – біздің маңызды міндетіміздің бірі. Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың дүниетанымы кеңейіп, сөз байлығы артып, рухани әрі мәдени өсуі қамтамасыз етіледі.
🔸“Мен оқыған бір кітап” жобасының мақсаты – мектеп оқушыларын кітап оқуға ынталандырып, оқу белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар оларды сөйлеу және ойлау мәдениетіне баулу.
🔹Осы жоба аясында 7-сынып оқушылары Өтебай Айзере мен Аққайыр Айша белсенділік танытып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой-пікірлерімен бөлісуде. Бұл бастама әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, білімге деген қызығушылықтарын арттырады.
@mugalzhar_bilim_bolimi
