Skip to content

🎓 Болашақ мамандыққа қадам! Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған…

🎓 Болашақ мамандыққа қадам!

Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Бұл күні Ақтөбе өңірлік Баишев университеті мен Бопай Ханым жоғары медициналық колледжінің мамандары оқушылармен кездесіп, әртүрлі мамандықтар мен оқу орындары жайында пайдалы ақпарат берді.

🧑‍🏫 Баишев университетінің өкілдері болашақ студенттерге жоғарғы білім алу мүмкіндіктері, оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер туралы түсіндіріп, әрбір мамандықтың болашағы мен қажеттілігін талқылады.

🩺 Бопай Ханым медициналық колледжінің мамандары өз кезегінде медицина саласындағы мамандықтар мен осы салаға қызығушылық танытқан жастарға қажетті білім мен дағдыларды меңгеру жолдарын баяндады.

Мақсатымыз – оқушыларымыздың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу, болашақта өз армандары мен мақсаттарына жету үшін нақты бағыт-бағдар беру.

📚 Осындай маңызды іс-шаралар мектепте жиі өткізіліп, жастардың білім мен кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

#КәсібиБағдар #БолашақМамандық #БаишевУниверситеті #БопайХанымКолледжі #МектепЖұмысы #оқушылар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *