Skip to content

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 2025 жылдың 25 қаңтарында Назарбаев Зияткерлік Мектебі (НЗМ)…

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

2025 жылдың 25 қаңтарында Назарбаев Зияткерлік Мектебі (НЗМ) ұйымдастырған “Физика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында” мектебіміздің физика пәні мұғалімі Әлібекова Рауия Қайратқызы білімін сынап, кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Аудандық және қалалық мектептерден келген 15 қатысушының арасынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Олимпиада НЗМ-де офлайн форматта өтіп, 3 сағатқа созылды.

Бұл жетістік Рауия Қайратқызының кәсіби біліктілігін және педагогикалық шеберлігін тағы бір рет дәлелдеді. Мектебіміздің беделін көтеріп, шәкірттеріне үлгі болып жүрген ұстазымызды құттықтаймыз! 🏆

Алдағы уақытта да талпынып, биік жетістіктерге жетуге тілектеспіз!

@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *