Гимназия медиа құрамына өнерлі оқушыларды қабылдау мақсатында кастинг жариялаймыз.
Кастинг үш бөлім бойынша өтеді:
I бөлім “Интервью”
II бөлім “Эмоцияларды көрсету”
III бөлім “Импровизация”
Қорытынды төмендегі критерийлер бойынша шығарылады⤵️
Байланыс: қатысушы мен әділқазы арасындағы диалогтік жағымды байланыстың орнауы;
Түрге қойылатын талап: қатысушының кастингке дайындығы, камера алдында өзін еркін ұстауы,мимикасы мен келбетінің үйлесімділігі;
Әртістік шеберлік: сөйлеу, сценарийді оқу және импровизация жасау кезіндегі ойыны,әртістік шеберлігі;
Дауыс ырғағы: дикциясының,дауыс ырғағының анықтығы, ашықтығы;
Ынта : қатысушының гимназия медиа құрамының мүшесі болуға,түрлі шаралар мен бейнероликтердің түсіріліміне қатысуға деген ынтасының болуы;
Кастингтен оқушылар фото және сурет өнері, бейнемонтаждау және бағдарлама бағыттары бойынша жыл бойы жұмыстанатын болады.
Қабылдау 25 – ақпанға дейін жүргізіледі.
Баланыс нөмері: 87025575724

