Skip to content

Мұғалжар ауданының «Аумақтық білім беру округі» аясында «Сабақты тиімді жоспарлау-жоғары…

Мұғалжар ауданының «Аумақтық білім беру округі» аясында «Сабақты тиімді жоспарлау-жоғары нәтижеге жетудің кепілі» тақырыбында аудандық семинар-практикум (мұғалімдерге арналған тағылымдама) 4 бағытта өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Мажитова Назгүл Ғалымжанқызы қатысты. «Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының» мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, келген 58 мұғалім , 16 бөбекжай-бақшасы тәрбиешілері тәжірибе жинады.
«Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназия» базасында оқытудағы жаңаша әдістер, тәрбиелеу тәсілдері, биология пәнінен онлайн сабақ өткізу , химия пәнінен зертханалық сабақ, информатика және робототехниканың жаңа жетістіктері, дарынды оқушылармен ғылыми жобалар жетістігі, физика пәні бойынша STEAM виртуалды зертханаларына арналған пайдалы қызметтер мен ресурстар, көркем еңбек пәндері бойынша шебер класстар, LS зерттеу сабақтарының ұйымдастырылуы, Сингапурлық әдістің тиімділігі, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, қазақ тілі мен әдебиеті , тарих пәнінен кіріктірілген сабақтар өткізілді. Сонымен қатар бөбекжай-бақшалармен байланысты нығайту мақсатында МДҰ тәрбиешілер де өз тәжірибелерімен бөлісті.
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *