⚖️ Құқықбұзушылықтың алдын алу 👮🏻
Мұғалжар аудандық білім бөлімі, Ақтөбе облысының білім басқармасының ✓01-14/246 шығыс хаты негізінде кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәрбие беру және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында Мұғалжар аудандық полиция бөліміне 9 "Г" класс оқушылары барды. Полиция капитаны, аға анықтаушы Жанбауов Д және Полиция капитаны, аға криминалист Тұрғанбай К оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіптің маңызы жөнінде пайдалы ақпарат берілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жасөспірімдермен сұхбаттасып, құқықтық бұзушылықтың зардаптары мен олардың болашақ өміріне әсері туралы сөз қозғады.
Бүгінгі ұрпақтың құқықтық білім мен тәртіпке деген жауапкершілігі – еліміздің болашағы үшін маңызды! 🌟
#құқықбұзушылық #құқықтықтәрбие #жасөспірімдер #полиция #құқықбілім #оқушылар #тәртіп #салауаттыұрпақ #құқыққорғаушы #болашаққақадам
