Skip to content

📚 Бастауыш бірлестігінің математика бағыты бойынша онкүндігі басталды! ✨ Бүгін…

📚 Бастауыш бірлестігінің математика бағыты бойынша онкүндігі басталды! ✨

Бүгін мектебімізде бастауыш бірлестігінің математика бағыты бойынша онкүндігі салтанатты түрде ашылды! Осы онкүндік аясында математика пәнінің ұстаздары мен оқушылары ерекше іс-шаралар ұйымдастырады.

Алғашқы күннің өзінде бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды таңертеңгі күтіп алу кезінде интеллектуалды ойындар ұйымдастырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуды мақсат етті. Бұл іс-шаралар оқушыларды жаңа тақырыптарға қызықтырып, математиканы ойнақы әрі көңілді түрде меңгеруге жол ашты.

Онкүндік барысында бізді көптеген қызықты, білімді арттыратын іс-шаралар мен жарыстар күтіп тұр. Бұл бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды қадам.

@mugalzhar_bilim_bolimi

#математика #бастауышбілім #интеллектуалдықойындар #онкүндік #білім #оқушыларғаарналған #мектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *