Бала – әрбіріміздің өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Қазіргі уақытта балалар арасында болып жатқан келеңсіз оқиғалар бәpімізді алаңдатып отыр.
Бала тәрбиесіне келгенде, кінәні бір-бірімізге итермелемей, керісінше, барлығымыз күшімізді біріктіріп, бір бағытта әрекет етуіміз қажет.
Тәрбие құндылықтар арқылы жүзеге асырылады. Құндылықтар сабақта, сабақтан тыс уақытта, отбасында және қоғамда қалыптасады. Әрқайсысымыз өз үлесімізді қосқанда ғана нәтиже күтуге болады.
Тәрбие бастауы – отбасында, жалғасы – мектепте, ал қалыптасуы – қоғамда.
Бүгінде бала тәрбиесін толықтай мектепке артып, жауапкершілікті тек ұстаздардан талап ету жиі кездеседі. Ал мектеп – баланың өмірінің бір бөлігі ғана. Мұнда бала білім алып қана қоймай, қоғаммен араласуды, өз пікірін білдіруді, жауапкершілік пен еңбекқорлықты үйренеді. Мектептің мүмкіндігі шектеулі. Мұғалім баланың сабақ үстіндегі тәртібі мен білім сапасына жауапты, бірақ оның өмірлік көзқарасы мен мінез-құлқы отбасында қалыптасады. Сондықтан ата-ана мен мектептің байланысы.
@k.bulbul78
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@bahraman_quanyshuly
@mugalzhar_bilim_bolimi
@danaibrasheva

