📚«Ғажайып ғылымдар патшалығы» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында 1-сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.
Ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдығын шыңдап, олардың білімдерін пысықтау. Бұл ойын арқылы біз оқушыларға білім беру, олардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, логикалық тапсырмаларды шешуге ынталандыруды көздедік. Сонымен қатар, балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа баулу маңызды болды.
Интеллектуалды байқауларға қатысуға қызығушылық танытқан оқушылар өздерінің үздік нәтижелерін көрсетіп, марапатталды. Бұл ойын – балалардың білімге деген құштарлығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге үлкен септігін тигізді.
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ҒажайыпҒылымдарПатшалығы #ИнтеллектуалдыОйын #БілімАл #Тапқырлық #1сынып #марапат
